«Күрті орман шаруашылығы» КММ ұжымы қазақтың ұлттық киімін дәріптейді! 🌿✨
Әр халықтың ұлттық киімі – оның тарихы мен мәдениетінің көрінісі. Қазақ халқының дәстүрлі киіміндегі ою-өрнектер терең мағынаға ие болып, ата-бабамыздан қалған мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.
Біздің киіміміз – жай ғана сән емес, ол – өмір салтымыздың, дәстүріміздің және табиғатпен үйлесімділігіміздің көрінісі. Ұлттық құндылықтарды сақтайық, насихаттайық! 🇰🇿✨