Бұл – бірлік пен берекені, бауырмалдық пен сыйластықты арттыратын қасиетті күн. Осы орайда, Күрті орман шаруашылығының ұжымы баршаңызды көрісу күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен молшылық тілейміз. Табиғатымыз тамырын тереңге жайып, жасыл орманымыз жайқалып, қоршаған ортамыз көркейе берсін!
Бір-бірімізге деген мейірім мен құрмет ешқашан сөнбесін. Амандықта, тыныштықта, шаттықта жүздесуге жазсын!
Ізгі ниетпен:
“Күрті орман шаруашылығы” ұжымы🌹
